Accessibility links

Олжас Сүлейменовтің денсаулығы сыр берді


Ақын, жазушы Олжас Сүлейменов. Алматы, 15 қараша 2010 ж.
Ақын, жазушы Олжас Сүлейменов. Алматы, 15 қараша 2010 ж.
ЮНЕСКО халықаралық ұйымындағы Қазақстанның тұрақты өкілі, ақын, жазушы Олжас Сүлейменов бүгін Астанадағы жиын үстінде кенеттен өзін жайсыз сезініп, әлсіреп қалды деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Ол Орталық Азия елдерінің ЮНЕСКО жөніндегі ұлттық комиссияларының кеңесіне қатысушылар алдында құттықтау сөз сөйлеген еді. Ал үзіліс кезінде денсаулығы сыр берген Сүлейменовке жиын өтіп жатқан мейманхананың дәрігері тиісті медициналық жәрдем көрсеткен.

Олжас Сүлейменов биыл мамыр айында 75 жасқа толған еді.
XS
SM
MD
LG