Accessibility links

Исландия экс-премьерінің қаржы дағдарысына қатысты соты өтеді


Исландияның бұрынғы премьер-министрі Гейр Хаарде 2008 жылы елдің экономикасын құлдыратып, үш бірдей ірі банкті банкротқа ұшыратқан қаржы дағдарысы үшін сотқа тартылады. Оған үкімет басшысы ретінде жауапкершілікпен дағдарыстың алдын алмады деген айып тағылған.

Гейр Хаарде өзіне қарсы сот отырысын «саяси фарс» деп атап, адвокаттарым соттан бұл айыпты алып тастауды сұрайды деген. Егер олардың өтініші қабылданбаса, Хаарде үкімет мүшелері үшін арнайы сотқа тартылған алғашқы саясаткер болады. Айыпты деп табылса, көп дегенде 2 жыл жыл түрмеге жабылуы мүмкін.

Гаарденың консервативті Тәуелсіздік партиясы қаржы дағдарысынан кейін 2009 жылғы сайлауда биліктен кетірілген болатын.
XS
SM
MD
LG