Accessibility links

Иран сақшылары Ирақпен шекарада 2 күрд көтерілісшісін өлтірді


Иранның мемлекеттік телеарнасы хабарлағандай, елді сақшылары Ирақпен шекаралас солтүстік-батысқа жасаған операциясы кезінде "Күрдістан еркіндігі партиясының" 22 көтерілісшісін өлтірген.

Сақшылар операциясының офицері полковник Хамид Ахмади жұма күні басталған әскери шаралар барлық террористер мен көтерілісшілердің көзін құртқанша жалғасады деген. Бұл мәліметтер басқа тараптан расталған жоқ.

Ирандық баспасөз кешегі қақтығыста сақшылардың екі сарбазы мерт болды деп айтқан болатын. Күрд көтерілісшілері соңғы кезде ирандық күштермен соғысып, бомбалық шабуылдар жасаған.

Ирақ шекарасындағы "Күрдістан еркіндігі партиясы" - Түркиядағы "Күрд жұмысшылар партиясының" бір желісі. Иран шілде айында күрд көтерілісшілеріне қарсы үлкен соққы берген болатын.
XS
SM
MD
LG