Қырғызстан мен Қазақстан шекарасынан бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің екі немере інісі – Асылбек Салиев пен Нұрсұлтан Бакиев ұсталды. Бұл туралы Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаныш Бакиевтің балалары 23 жастағы Асылбек Салиев қамауға алынып, 12 жастағы Нұрсұлтан Бакиев туыстарына тапсырылған.
Құрманбек Бакиев билігі кезінде президенттің қауіпсіздік қызметін басқарған Жаныш Бакиев көтеріліс болған 2010 жылғы сәуірде халыққа оқ атты деген айыппен іздеуде болған. Жаныш Бакиев әлі бостандықта жүр. Оның балаларының Қырғызстаннан кетуге тырысқаны немесе елге кірмек болғаны жайлы айтылмайды.