Accessibility links

БҰҰ Ливияға еркін сайлау өткізуге көмектеспек


Триполи қаласындағы орталық алаңда тұрған әйел. Ливия, 2 қыркүйек 2011 ж.
Триполи қаласындағы орталық алаңда тұрған әйел. Ливия, 2 қыркүйек 2011 ж.
Біріккен Ұлттар Ұйымы Ливияның Ұлттық өтпелі кеңесіне елде алғашқы еркін сайлау өткізуге көмектеседі. БҰҰ-ның Ливия жөніндегі арнайы өкілі Иан Мартин 42 жыл бойы Муаммар Каддафи режимінің басқаруында болған Ливияны өтпелі кезеңде үлкен саяси сынақ күтіп тұрғанын атап көрсетті.

Каддафиді қолдаушы күштер едәуір әскери техникасымен Нигердің солтүстігіндегі Агадез қаласына барғаны туралы ақпарат тарап отыр.

Ал 69 жастағы Муаммар Каддафидің өзі қайда екендігі нақты белгісіз. Оның өкілі Мұса Ибрагим "Каддафидің көңіл-күйі жақсы, ол ұлдарымен бірге елдің қорғанысын ұйымдастырумен айналысып жатыр" деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG