Иран билігі президент Махмуд Ахмадинежадтың іс-әрекеті туралы сыни мақала жариялаған екі басылымды уақытша жауып тастады.
Иранның ресми ақпарат құралдары хабарлағанындай, реформалық бағытты жақтайтын "Шахрванд-э-Эмруз" апталық саяси журналын шығаруға тыйым салынған. Редакция басшылығы баспасөз туралы заңды бұзған деп айыпталып отыр. Сонымен бірге күнделікті шығатын "Рузегар" газеті де жабылды. Ресми құжатта газет бетінде "насихаттайтын мақалалар жариялағаны" айтылған.
Екі басылым бұған дейін де билік тарапынан қысым көріп келген еді. Ал енді тағы да уақытша жабылып қалғанын бақылаушылар Иранда алдағы жылы наурыз айында болатын парламент сайлауымен байланыстырады.
Иранда 2000 жылдан бері жүзден аса газет жабылды, олардың көбін билік «Батыстың қолжаулығы» деп атаған.