Accessibility links

Ресейде Миг-31 ұшағы құлап, екі ұшқыш қаза болды


Сокол зауытында құрастырылып жатқан Миг-31 ұшағы. Нижний Новгород, Ресей, 13 қыркүйек 2006 ж.
Сокол зауытында құрастырылып жатқан Миг-31 ұшағы. Нижний Новгород, Ресей, 13 қыркүйек 2006 ж.
Бүгін Ресейдің Пермь аймағында әскери Миг-31 ұшағы құлап, екі ұшқыш қаза болған.

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Пермьдегі әскери әуежайдан ұшып шыққан соң арада бірнеше минут өткенде әскери ұшақ радар экранынан жоғалып кеткен. Кейінірек ұшақтың Пермь ауданындағы Болгар селосының маңында құлап түскені мәлім болған. Ұшақта әскери оқ-жарақ болмаған деп хабарланып отыр.

Бұл оқиғаға байланысты Ресейде Миг-31 ұшақтарының ұшуына уақытша шектеу енгізіліп, ұшақ апаты бойынша қылмыстық іс қозғалған.
XS
SM
MD
LG