Бүгін Қырғызстан омбудсмені осыдан бірнеше күн бұрын Ош қаласындағы абақтыда көз жұмған Маматазиз Бизируковтың денсаулық жағдайы қалай болғаны туралы ақпарат таратты.
Онда абақтыдағы тұтқынның өліміне қамау мекемесіндегі медициналық-санитарлық бөлімше басшысының міндетін атқарушы адамның «өз кәсіби міндетіне салғырт қарағандығы себеп болғаны» айтылған.
Қыркүйектің 1-і күні Ош қаласындағы №25 абақтыда қамауда отырған 63 жастағы Маматазиз Бизируков қайтыс болған еді. Адам құқығын қорғаушы Равшан Гапиров марқұмның этникалық өзбек екендігін және «оны ұстаған кезде, сондай-ақ алдын ала жауап алу барысында ұрып-соғып, азаптағаны» туралы мәлімдеген. Заң орындарының өкілдері Бизируковтың азапталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарып, «тұтқынның жүрегі ұстап қайтыс болғанын» айтты.
Тергеушілер Маматазиз Бизируковқа былтыр маусым айында Қырғызстанның оңтүстігінде болған қанды оқиғаларға байланысты айыптар таққан.