Accessibility links

Египетте футбол жанкүйерлері мен полиция қақтығысты


Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәракқа қарсы шеруден көрініс. Каир, 15 тамыз 2011 ж.
Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәракқа қарсы шеруден көрініс. Каир, 15 тамыз 2011 ж.
Египет астанасында сейсенбі күні футбол жанкүйерлері мен полиция арасындағы қақтығыс салдарынан ондаған адам зардап шекті.

Куәгерлердің айтуынша, жергілікті екі команданың ойыны кезінде жанкүйерлердің бір бөлігі Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрак пен полицияны балағаттап айғайлап, оның соңы полицейлер мен жанкүйерлердің қақтығысына ұласқан.

Ақпан айында биліктен кетуге мәжбүр болған экс-президент Хосни Мүбәракқа қарсы сот отырысы бүгін жалғасады. 83 жастағы Хосни Мүбәрак "шеруге шыққан бейбіт азаматтарды жаппай өлтіру" және "коррупция" қылмыстары бойынша өзіне тағылған айыптармен келіспей отыр.

Мүбәракпен бірге сотқа айыпкер ретінде оның екі ұлы Гамаль мен Алаа, бұрынғы ішкі істер министрі Хабиб әл-Әділ және бұрын полицияның жоғарғы лауазымды қызметінде болған 6 адам қатысып отыр.
XS
SM
MD
LG