Accessibility links

Пентагон: АҚШ әскерінің Иракта қалатыны туралы шешім қабылданған жоқ


АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта.
АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта.
АҚШ қорғаныс министрі Леон Панетта "америкалық әскерилерді Иракта қалдыра тұру туралы шешім әлі қабылданған жоқ" деп хабарлады.

Бұған дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдары биылғы жылдың соңында АҚШ әскерилерінің Иракта болу мерзімі біткен соң да, 4 мыңдай АҚШ сарбазы Иракта қалуы мүмкін деген хабар таратқан еді.

Сейсенбі күні Вашингтон "Ирак билігінен елде АҚШ әскерін қалдыра тұруды сұраған ресми өтініш түскен жоқ" деп мәлімдеді.

Кеше Ирактың солтүстігіндегі күрд автономиясының басшысы Масуд Барзани елде әлі азаматтық соғыс қауіпі сейілмей отырғанын айтып, АҚШ билігін Ирактан өз әскерін әзірге толық шығармауға шақырған еді.
XS
SM
MD
LG