Accessibility links

Пәкістанда жанкештілік шабуылдан 13 адам мерт болды


Бомба қойылған автокөлік жанып жатыр. Куетта, Пәкістан, 31 тамыз 2011 ж.
Бомба қойылған автокөлік жанып жатыр. Куетта, Пәкістан, 31 тамыз 2011 ж.
Пәкістанның оңтүстік-батысында орналасқан Куетта қаласындағы әкімшілік ғимараттардың бірінде бүгін таңертең болған жарылыстан кемінде 13 адам көз жұмды.

Полицияның хабарлауынша, жарылыс кезінде әкімшілік ғимаратында шекара қызметкерлерінің бір тобы болған. Франс-пресс агенттігі екі жарылыс болғанын хабарлады: оның бірі автокөлікте болған, ал екіншісін жанкешті жасаған.

Бүгінге жарылысқа қатысты жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ. Белуджистан провинциясының орталығы Куетта қаласында тәліптер де, Пәкістанның орталық билігіне қарсы бұрыннан күресіп келе жатқан жікшіл топтар да әрекет жасайды.

Бұған дейін, тамыздың 31-і күні осы Куетта қаласында қаскөйлік жарылыстан бірнеше адам қаза болған еді.
XS
SM
MD
LG