Accessibility links

Делиде жарылыстан көз жұмғандар саны тоғызға жетті


Жоғарғы сот ғимараты алдындағы жарылыстан зардап шеккен адамды жедел жәрдем қызметкерлері әкетіп барады. Дели, Үндістан, 7 қыркүйек 2011 ж.
Жоғарғы сот ғимараты алдындағы жарылыстан зардап шеккен адамды жедел жәрдем қызметкерлері әкетіп барады. Дели, Үндістан, 7 қыркүйек 2011 ж.
Бүгін таңертең Үндістан астанасы Дели қаласындағы Жоғарғы сот ғимаратының қақпасы алдында жарылыс болды.

Соңғы келіп түскен ақпараттар бойынша, жарылыс салдарынан 9 кісі қаза тауып, 45 адам жарақат алған. Жарылыс кезінде қақпа маңында көп адам болған.

Үндістан ішкі істер министрлігі өкілінің хабарлауынша, құқық орындары портфельге салынған жарылғыш зат іс қосылған болуы мүмкін деген жорамал жасап отыр.

Жарылыс болған маңға жақын жерде парламент пен үкімет үйлері орналасқан. Полиция ол жерді қоршауға алған. Әзірге ешкім бұл жарылыс үшін жауапкершілікті мойнына алған жоқ.

Бұған дейін мамыр айында Делидегі осы Жоғарғы сот ғимараты алдында автокөлікке қойылған бомба жарылған болатын. Алайда ол жолы адамдар зардап шекпеген еді.
XS
SM
MD
LG