Accessibility links

Тимур Құлыбаев саяси амбициясы жоқ екенін айтты


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Тимур Құлыбаев
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Тимур Құлыбаев
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев өзінде "жақын арада саясатпен айналысу идеясы жоқ" екенін айтты. "Шынында мен бизнесте өзімді жайлы сезінемін", деді Құлыбаев бүгін баспасөз мәслихатында. Құлыбаевтың айтуынша, ол ешқашан саясатпен айналыспаған және ешбір саяси партияға мүше емес.

Тимур Құлыбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқарады. Шілде айында 71 жасқа толған Нұрсұлтан Назарбаев өзінен кейін кімнің мемлекет басшысы болатыны туралы ешнәрсе айтпаған.

Құлыбаев "президент өзін жақсы сезінетін жағдайда, Құдай оған жақсы денсаулық берсін" деп атап көрсетті.

Шілде айында президенттің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Тимур Құлыбаев Назарбаевтың ізбасары болуы мүмкін деп мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG