Accessibility links

"Газпром" Қырғызстандағы геологиялық зерттеуге 100 млн доллар жұмсайды


"Газпромның" Мәскеудегі штаб-пәтері.
"Газпромның" Мәскеудегі штаб-пәтері.
Ресейлік "Газпром" компаниясының басшысы Алексей Миллер бүгін Бішкекте Қырғызстан премьер-министрі Алмазбек Атамбаевпен кездесіп, "Газпромның" Қырғызстандағы жұмысын талқылады.

Қырғыз үкіметі баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Газпром" қырғызстандық мұнай-газ кен орнындағы геологиялық зерттеулерге 100 миллион АҚШ долларын жұмсауға дайын екенін мәлімдеген.

Алексей Миллердің айтуынша, "Газпром" "Қырғызгаз" бен "Қырғызмұнайгаз" компанияларын сатып алмақшы.
XS
SM
MD
LG