Accessibility links

"Өзенмұнайгаз" ереуілге байланысты мұнай өндіру жоспарын орындай алмауы мүмкін


Мұнайшылардың ереуілі. Жаңаөзен, 10 шілде 2011 жыл.
«Өзенмұнайгаз» компаниясы мұнай өндіру жоспарын орындай алмауы мүмкін. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Тимур Құлыбаев хабарлады.

«2011 жыл бойынша Өзенмұнайгаз жоспарды орындамауы мүмкін, бірақ өндіру деңгейін біз таяудағы уақытта қалпына келтіреміз», - деді Құлыбаев сәрсенбідегі баспасөз-мәслихатында.

Маңғыстау облысында мамыр айынан бері ереуілдеп жатқан "Қаражанбасмұнай" және "Өзенмұнайгаз" компанияларының жұмысшылары жалақыларын көбейтуді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG