Accessibility links

Ұшақ апатында қаза болғандардың жетеуінің денесі анықталды


Құтқарушылар Як-42 ұшағы құлаған жерде жұмыс істеп жатыр. Ярославль аймағы, Ресей, 7 қыркүйек 2011 ж.
Құтқарушылар Як-42 ұшағы құлаған жерде жұмыс істеп жатыр. Ярославль аймағы, Ресей, 7 қыркүйек 2011 ж.
Ресейдің Ярославль қаласының маңында ұшақ апатынан қаза болғандардың жетеуінің денесі анықталған. Бұл туралы ақпаратты Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі өкілі айтқанын хабарлайды ресейлік "Новости" агенттігі. Алайда ол жеті адамның аты-жөні айтылмайды. Апат болған аймақтан 35 мәйіттің табылғаны хабарланып отыр.

Сәрсенбі күні Ярославль қаласы түбіндегі "Туношна" әуежайынан бір шақырымдай жерде, әуеге көтеріле бергенде жерге құлап түскен Як-42 ұшағында, алдын ала деректер бойынша, барлығы 45 адам болған деген ақпарат бар. Осы ұшақпен "Локомотив Ярославль" хоккей командасының мүшелері Беларусь еліне ойынға кетіп бара жатқан. Олардың арасында Ресей, Беларусь, Чехия, Словакия, Швеция, Латвия және Канада азаматтары болған.

Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ұшақ апатынан екі адам тірі қалған. Олар - хоккей клубының мүшесі Александр Галимов пен ұшақ экипажындағы сегіз адамның бірі бортинженер Александр Сизов қазір ауруханада ауыр халде жатыр деп хабарланды.
XS
SM
MD
LG