Accessibility links

Мәслихат депутатының қазасы бойынша екі күдікті ұсталған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, бизнесмен Александр Клименконы өлтіруге қатысы бар деген күдікпен екі адамның ұсталғаны облыстық полиция басқармасынан белгілі болғаны туралы "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі хабарлады.

Александр Клименконы әлдекімдер биыл маусымның 26-сына қараған түні Ақмола облысы Атбасар ауданындағы Новосельское елдімекеніндегі өз үйінің жанында атып өлтіріп кеткен еді.

Облыстық полицияның баспасөз қызметі күдіктілер қыркүйектің 8-і күні ұсталғанын, тергеушілердің олардан жауап алып жатқанын айтумен шектелген.
XS
SM
MD
LG