Қазақстан көлік және коммуникация министрі Берік Камалиев құрылымдық бөлімшелер басшыларымен елде пайдалануда жүрген Як-42 ұшақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Бұл туралы ақпарат министрліктің сайтында жарияланды.
Министрліктің бұл мәселе бойынша арнайы кеңес өткізуіне қыркүйектің 7-і Ресейдің Ярославль қаласында болған ұшақ апаты себеп болған. Ресейдегі апатта 43 адам опат болды.
Осы оқиғаны ескере отырып, Қазақстан көлік және коммуникация министрлігі қазірде Як-42 ұшағын жолаушылар тасымалында пайдаланып жүрген қазақстандық «SCAT», «Irtysh-Air» және «Авиа-Жайнар» авиакомпанияларына ұшақтарға шұғыл түрде техникалық тексеріс жүргізіп, техникалық жағдайы және ұшуға жарамдылығы жөнінде актілер жасау жөнінде нұсқау жолдады.
Қазақстан көлік және коммуникация министрлігінің хабарлауынша, қазір елде төрт Як-42 ұшағы жолаушы тасымалдауға пайдаланылады.