Accessibility links

Барак Обама жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарын конгреске ұсынды


АҚШ президенті Барак Обама конгресте сөйлеп тұр. 25 қаңтар 2011 ж.
АҚШ президенті Барак Обама конгресте сөйлеп тұр. 25 қаңтар 2011 ж.
АҚШ президенті Барак Обама елде жаңа жұмыс орындарын ашу туралы жоспарын бейсенбі күні конгрестің назарына ұсынды.

Бұл жоспар АҚШ-та табыс салығы мен өзге де бірқатар алым-салық түрлерінің мөлшерін азайтуды, инфрақұрылымдық құрылыс салу жобаларына көбірек қаржы бөлуді, мектептерді жетілдіруді және жұмыссыздарға қосымша қолдау жасауды көздейді.

Жоспарды жүзеге асыруға 450 миллиард долларға жуық қаржы қажет. Бұл шараларды АҚШ экономикасындағы дағдарысты еңсеру үшін аса маңызды міндет деп атаған Барак Обама ұсынылған жоспарды конгресс жыл соңына дейін мақұлдайды деген үміт білдірді.

Қазіргі уақытта АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі 9,1 пайызды құрап отыр.
XS
SM
MD
LG