Accessibility links

Француз компаниясы Каспийде ірі газ кен орнын тапты


Каспий теңізінің Әзербайжан жағы. (Көрнекі сурет)
Каспий теңізінің Әзербайжан жағы. (Көрнекі сурет)
Францияның Total энергетикалық компаниясы Каспий теңізінің Әзербайжан бөлігінде ірі газ кен орнын тапқанын хабарлады.

Total компаниясының вице-президенті Марк Блейзоттың мәлімдеуінше, көгілдір отын қоры Бакуден 100 шақырымдағы Абшерон аумағында табылған.

Газ 6550 метрлік тереңдіктен шыға бастаған. Геологтардың айтуынша, кен орнының көлемі шамамен 270 шаршы километрге жетуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG