Бүгін Ресейдің Ярославль қаласында үш тәулікке жалғасатын аза тұту күндері басталды.
Сәрсенбі күні бұл қаланың жанында Як-42 ұшағы құлап, 43 адам қаза болған еді. Осы ұшақпен Ярославльдің "Локомотив" хоккей командасының 37 мүшесі Беларусь еліне ойынға кетіп бара жатқан болатын. Олардың арасында Ресей, Беларусь, Чехия, Словакия, Швеция, Латвия және Канада азаматтары болған.
Аймақ губернаторы Сергей Вахруков Ярославль өзінің хоккей командасынан айырылғанына қайғырып отыр деп мәлімдеді.
Президент Дмитрий Медведев Ресейлік хоккей командасы мүшелерінің өмірін қиған апатқа не себеп болғанын тезірек анықтауды тапсырды.
Бұл - осы жылы Ресейде орын алған төртінші ұшақ апаты. Ресей 2011 жылғы әлемдегі авиация қауіпсіздігі бойынша ең нашар ел деп танылып отыр.