Accessibility links

Ереуілші мұнайшылардың жетекшісі 15 тәулікке қамалды


Ереуілші мұнайшылардың жетекшісі Наталья Әжіғалиева. Жаңаөзен, 1 қыркүйек 2011 жыл.
Ереуілші мұнайшылардың жетекшісі Наталья Әжіғалиева. Жаңаөзен, 1 қыркүйек 2011 жыл.
Жаңаөзен соты ереуілдеп жатқан мұнайшылардың жетекшісі Наталья Әжіғалиеваны 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды.

Жұма күнгі сот шешіміне сәйкес, Әжіғалиеваға "полицияға бағынбады" деген айып тағылды. Сот жабық есік жағдайында және шұғыл түрде өткізілді деп хабарланды.

Әжіғалиеваға қарсы арызды шілденің 8-інде ереуілшілерді қуып таратуға қатысқан полиция қызметкері берген. Сол кезде Наталья Әжіғалиева наразылық ретінде өзіне жанармай құйып, "өзімді өртеймін" деп ескерткен еді деп хабарлайды оппозициялық "Республика" газеті.

Маңғыстау облысында "Өзенмұнайгаз" және "Қаражанбасмұнай" компанияларының жұмысшылары мамыр айынан бері ереуіл өткізіп жатыр. Олар жалақыларын көбейтуді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп отыр.
XS
SM
MD
LG