Accessibility links

АҚШ он жыл бұрынғы террорлық шабуылда құрбан болғандарды еске алды


Бұрынғы әлемдік сауда орталығы тұрған жерде ашылған мемориал. Нью-Йорк, 11 қыркүйек 2011 ж.
Бұрынғы әлемдік сауда орталығы тұрған жерде ашылған мемориал. Нью-Йорк, 11 қыркүйек 2011 ж.
Жексенбі күні АҚШ халқы осыдан тура он жыл бұрын Құрама Штаттарға қарсы жасалған террорлық шабуылдарда құрбан болғандарды еске алды.

Нью-Йорк қаласында, Пенсильвания штатындағы Шенксвил қалашығында және Пентагонда өткен аза тұту шараларына АҚШ президенті Барак Обама қатысты. Нью-Йорктегі еске алу шарасында АҚШ-тың бұрынғы президенті Джордж Буш та болды.

- Террорлық шабуыл жасалған 2001 жылғы 11 қыркүйектен бері өткен жылдар Американың үрейге бой алдырмайтын, мықты, қайыспас ел екендігін көрсетті, - деп мәлімдеді президент Барак Обама.

Нью-Йорктегі бұрынғы әлемдік сауда орталығының қос мұнарасы тұрған жерде арнайы мемориал ашылды. Ондағы қола тақталарда бұдан он жыл бұрын дәл осы жерде қаза тапқандардың барлығының аты-жөндері қашап жазылған.

2001 жылы қыркүйектің 11-інде жанкешті-бүлікшілер тобы төрт жолаушы ұшағын басып алып, Нью-Йорктегі әлемдік сауда орталығының қос мұнарасын, Пентагон мен Ақ үйді нысанаға алған еді. Террорлық шабуыл салдарынан үш мыңға жуық адам қаза болды.
XS
SM
MD
LG