Accessibility links

Британ премьері Кэмерон алғаш рет Ресейге барды


Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон. Лондон, 9 тамыз 2011 ж.
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон. Лондон, 9 тамыз 2011 ж.
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон алғаш рет Мәсеуге ресми сапармен барды.

Бұл сапарында ол Ресей президенті Дмитрий Медведев және премьер-министрі Владимир Путинмен кездесіп, екі елдің арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынастар жайын талқылайды деп хабарланып отыр.

Кэмеронмен бірге британ сыртқы істер министрі Уильям Хейг және бір топ іскерлер тобы барған. Олардың арасында "Бритиш петролеум" және голландиялық "Шелл" компаниясы жетекшілері де бар. 2011 жылдың бірінші жартысында Ресейге британ экспортының көлемі 80 пайызға өскен.

Осы сапар қарсаңында Лондондағы Ресей елшілігі өзінің вебсайтына хакерлік шабуыл жасалғанын айтты.

2006 жылы Ресей билігін сынап жүрген бұрынғы орыс барлаушысы Александр Литвиненко Ұлыбритания астанасында қаза болғаннан кейін ресми Мәскеу мен Лондон арасында жағдай нашарлап кеткен еді. Ресей оның өліміне күдікті Андрей Луговойды Ұлыбританияға экстрадицияламай қойған.
XS
SM
MD
LG