Accessibility links

Жоғары әскери кеңестің басшысы Мүбәрактың сотына келмеді


Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәракты сот залына зембілге салып алып келді. Каир, 7 қыркүйек 2011 ж.
Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәракты сот залына зембілге салып алып келді. Каир, 7 қыркүйек 2011 ж.
Египеттің жоғары әскери кеңесінің басшысы фельдмаршал Мухаммед Хуссейн Тантауи экс-президент Хосни Мүбәракқа қарсы сотқа келген жоқ деп хабарлады «әл-Арабия» телеарнасы.

Бұған дейін сот төрағасы судья Ахмет Рефаат Мухаммед Хуссейн Тантауиді жексенбі күнгі сот процесіне куәгер ретінде келіп, соттың сауалдарына жауап беруге шақырған еді. Сот Тантауиден биыл жыл басында билікке қарсы наразылық шеруіне шыққандарды жаппай өлтіру қылмысындағы Хосни Мүбәрактың рөлі туралы сұрамақшы болған.

Жыл басында Египетте бірнеше апталарға ұласқан халық наразылығы ақпан айында президент Хосни Мүбәракты қызметінен кетуге мәжбүр еткен соң елде билікті жоғары әскери кеңес уақытша атқарып отыр.

Тамыздың 3-і басталған сот процесінде 83 жастағы Хосни Мүбәрак пен бұрын жоғарғы лауазымды қызметте болған тағы бірнеше адамға "шеруге шыққан бейбіт азаматтарды жаппай өлтіру" және "коррупция" қылмыстары бойынша айыптар тағылған.
XS
SM
MD
LG