Accessibility links

Ұлыбритания премьері Ресеймен байланысты қалпына келтірмек ниетте


Ресей президенті мен Ұлыбритания премьері кездесті. 12 қыркүйек. 2011
Ресей президенті мен Ұлыбритания премьері кездесті. 12 қыркүйек. 2011
Мәскеуде іс-сапармен жүрген Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон Ресей президенті Дмитрий Медведевпен келіссөздер өткізді.

Ресейге бір күндік сапармен барған Кэмеронның мақсаты – 2006 жылы Лондонда Кремльдің сыншысы болған Александр Литвиненконың өлімінен кейін бұзылған Ресей мен Ұлыбритания қарым-қатынасын қалпына келтіру.

Мәскеудегі баспасөз мәслихатында Кэмерон "Кремль Литвиненконың өліміне күдікті Андрей Луговойды беру жөніндегі Ұлыбританияның талабымен келісер" деген үмітін білдірді. Ол Литвиненконы өлтірген адам әділ жазасын алу керек деді.

Кэмерон бұл тұрғыда Ресей мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынас қиындап кеткенін мойындады.
XS
SM
MD
LG