Accessibility links

Қырғызстан: ВИЧ жұққан балалардың ата-аналары наразылық акциясына шықпақ


Қырғыз студенттері ВИЧ/СПИД дертіне қарсы күрес күні өткізілген шарада. 1 желтоқсан 2008 ж. (Көрнекі сурет)
Қырғыз студенттері ВИЧ/СПИД дертіне қарсы күрес күні өткізілген шарада. 1 желтоқсан 2008 ж. (Көрнекі сурет)
Қырғызстанда қан құю кезінде ВИЧ дертін жұқтырған қырық баланың ата-анасы Бішкектегі үкімет үйі алдында наразылық акциясын ұйымдастырмақ.

«Лайф Плюс» қоғамдық қорының жетекшісі Алтынай Галиеваның айтуынша, ата-аналар балаларына қауіпті дерттің жұғуына кінәлі дәрігерлердің әлі күнге дейін жұмыстан босатылмағанына наразы. Снымен бірге олар өздері шеккен моральдық зиян үшін өтемақы төлеуді, мемлекеттік жәрдемақы көлемін көбейтуді, пәтер немесе жер телімін бөліп беруді талап етпек. Алайда Алтынай Галиева наразылық акциясының қашан, қай жерде өтетіндігі туралы нақты айтпады.

2007 жылы Қырғызстанның Ош облысындағы Ноокат аудандық ауруханасында қырыққа жуық балаға "ВИЧ дертіне шалдыққан" деген диагноз қойылған еді. Кейінірек мәлім болғанындай, олардың бәріне ауру қан құю арқылы жұққан.
XS
SM
MD
LG