Accessibility links

"Амнести интернешнл" Иранды құқық қорғаушыларды босатуға шақырды


"Амнести интернешнл" құқық қорғау ұйымының белгісі.
"Амнести интернешнл" құқық қорғау ұйымының белгісі.
"Амнести интернешнл" халықаралық құқық қорғау ұйымы Иран билігін жақында қамауға алынған құқық қорғаушыларды дереу босатуға шақырды.

Халықаралық ұйымның мәлімдемесінде Ирандағы адам құқығын қорғау орталығының негізін қалағандардың бірі Абдолфаттах Солтани, Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері Ширин Эбади және тағы бірнеше адамның сенбі күні Иран астанасында тұтқындалғаны айтылған.

Қауіпсіздік күштері Солтанидің үйінен компьютерлер мен құжаттарды алып кеткені жайлы хабарланды.

Ирандағы адам құқығын қорғау орталығы соңғы жылдары елдегі құқық қорғау жағдайына қатысты сыни мәлімдемелер жасап, саяси тұтқындарды, студенттер белсенділері мен диссиденттерді қорғап келген еді.
XS
SM
MD
LG