Accessibility links

Байланыс министрі: Электронды үкімет 40 миллиард теңге үнемдеді


Интернет пайдаланушылар. (Көрнекі сурет)
Интернет пайдаланушылар. (Көрнекі сурет)
Қазақстан электронды үкімет енгізу нәтижесінде 40 миллиард теңгеден астам қаржыны шартты түрде үнемдеген. Бүгін Астанада байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев осылай деп мәлімдегенін хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

«Біз электронды үкімет енгізудің тиімділігін, яғни шартты түрде 40,2 миллиард теңге ($1=147,2 теңге) үнемделгені туралы нақты айта аламыз» деді Асқар Жұмағалиев бүгін Астанада ашылған "Digital Communications Kazakhstan 2011" халықаралық конференциясында.

Мұндай үнемдеуге электрондық құжаттар айналымы мен электрондық лицензия жүйелер арқылы жеткенін айтқан министр алдағы уақытта үнем бұдан да көбейетіндігін айтқан.

Жұмағалиевтың айтуынша, қазіргі уақытта электронды үкімет арқылы азаматтар 74 интерактивті және 2000-нан аса ақпараттық қызмет түрлерін пайдалана алады.
XS
SM
MD
LG