Еуропа одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон Таяу шығыс елдеріне сапар мерзімін ұзартты. Эштон бұл сапарында өзі болған мемлекеттердің ресми адамдарымен Палестин автономиясының өзін халықаралық ұйымның 194-ші мүшесі етіп қабылдауды сұрап БҰҰ-на өтініш жасамақ ниетіне байланысты мәселені талқылайды.
Палестин автономиясы өз өтінішін осы айдың 20-сында өтетін БҰҰ Бас ассамблеясында беруі мүмкін. АҚШ пен Израиль бұндай бастамаға қарсылық білдіріп отыр.
Ал палестиндіктерге ауқымды жәрдем көрсетіп келе жатқан Еуропа одағы болса бұл мәселеге қатысты ортақ пікірге әлі келген жоқ.