Accessibility links

Әл-Қаида басшыларының бірі өлтірілгені туралы хабарланды


АҚШ-тың ұшқышсыз самғайтын Предатор ұшағы. (Көрнекі сурет).
АҚШ-тың ұшқышсыз самғайтын Предатор ұшағы. (Көрнекі сурет).
Пәкістанда өздігінен ұшатын ұшақтан атылған зымыран соққысынан әл-Қаида ұйымы жетекшілерінің бірі Абу Хафс әл-Шахри өлтірілген. Бұндай ақпаратты АҚШ басшылығынан алынғаны хабарланды, алайда оны берген адамның аты-жөні айтылмайды.

Сауд Арабиясының азаматы Абу Хафс әл-Шахри әл-Қаида ұйымындағы ықпалды тұлғалардың бірі және террорлық шабуылдар ұйымдастыру үшін Пәкістандағы тәліптердің «Техрик-и-Талибан» қозғалысымен тығыз қарым-қатынаста болған делінеді.

Бұған дейін, тамыз айында әл-Қаида ұйымының қазіргі басшысы Айман әл-Зауахириден кейінгі екінші адам саналатын Атия Абд әл-Рахманның Пәкістанның Солтүстік Вазиристан тайпалы аймағында алыстан басқарылатын зымыран шабуылынан қаза тапқаны хабарланған еді.
XS
SM
MD
LG