Accessibility links

Ресей полициясының хабарлауынша, Дағыстандағы бір мешіттің имамы оққа ұшқан.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, бейсенбі күні Буйнак ауданындағы Кадар ауылында Зайнуддин Дайзиевті белгісіз біреулер атып кеткен.

Дайзиев маусым айынан бері Дағыстанда өлтірілген үшінші имам.

Солтүстік Кавказ республикасында исламшыл бүлікшілер діни тұлғаларды жиі нысанаға алады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG