Accessibility links

Ливияға қарсы санкциялардың кейбірі жойылды


Бани Валидтегі Муаммар Каддафиге қарсы күштер. 16 қыркүйек 2011 жыл.
Бани Валидтегі Муаммар Каддафиге қарсы күштер. 16 қыркүйек 2011 жыл.
БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Муаммар Каддафиді биліктен кетірген Ливияны қайта қалпына келтіруге көмектесу үшін бұл елге енгізілген санкцияларды жеңілдету туралы дауыс берді. Яғни Ливияның ұлттық мұнай компаниясы мен орталық банкіне қарсы енгізілген шектеулер алынып тасталды.

Оның алдында БҰҰ бас ассамблеясы Ливияның өтініші бойынша Ұлттық өтпелі кеңесті елдің БҰҰ-дағы заңды өкілі ретінде мойындады.

Ливияда Бани Валид пен Сирт қалалары үшін шайқастар жалғасып жатыр.
XS
SM
MD
LG