Accessibility links

Латвияда парламент сайлауы басталды


Бүгін Латвияда кезектен тыс парламенттік сайлаулар өтіп жатыр.

Жүргізілген сауалнамаларға қарағанда, сайлаушылардың басым бөлігі елдегі орыс азаматтары қолдайтын "Гармония орталығы" партиясына дауыс беруі мүмкін. Екінші орынды жаңадан құрылған Реформалар партиясы алуы ықтимал. Бұрынғы президент Валдис Затлерс аталмыш партияның негізін қалаған болатын.

Шілде айындағы жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша парламенттік сайлауларды мерзімінен бұрын өткізу туралы шешім шығарылған еді. Сол кездегі президент Затлерс бірқатар депутаттарды "олигархтардың мүддесін қорғайды" деп айыптап, парламентті таратуды талап еткен болатын.

Еуропа Одағына мүше ел Латвияда жұмыссыздық деңгейі өте жоғары.
XS
SM
MD
LG