Accessibility links

Ливияда Каддафи күштері бекінген аймақта қақтығыс болды


Ливия өтпелі кеңесінің күштері Сирт қаласының шығысында Каддафи жақтастарымен шайқасты. 16 қыркүйек. 2011
Ливия өтпелі кеңесінің күштері Сирт қаласының шығысында Каддафи жақтастарымен шайқасты. 16 қыркүйек. 2011
Ливия уақытша үкіметінің күштері екі қалаға бақылауды алған Муаммар Каддафидің күштеріне қарсы операциясын бастағанда, қатты қақтығыс болған.

Көше бойында кескілескен шайқас көтерілісшіл күштерге берілмей келе жатқан, биліктен қуылған Каддафидің туған қаласы - Сиртте болды. Уақытша үкімет жасақтары сондай-ақ жұма күні Каддафидің Бани-Валидтегі жақтастарына қарсы операцияларын да бастаған болатын.

Каддафидің өз қайда екені әлі белгісіз. Бірақ оның өкілі Муса Ибрахим Каддафидің Ливияда өтпелі кеңес күштеріне қарсы соғысқа жетекшілік жасап жатқанын айтқан.
XS
SM
MD
LG