Accessibility links

Египеттің мемлекеттік арнасы сайлау комиссиясының өкіліне сілтеме жасай отырып, елде парламент сайлауы қараша айының 21-і мен наурыздың 4-і аралығында өтетін болды деп хабарлады.

Жоғарғы сайлау комиссиясының жетекшісі Абдел Мойаз Ибрахим парламенттің төменгі палатасына дауыс беру осы уақыттың алғашқы кезеңінде, ал жоғарғы палатаға дауыс беру екінші кезеңде жүргізіледі деп атап көрсеткен.

Бұл Египетте осы жылдың ақпан айында жаппай халық толқуларының нәтижесінде Хосни Мүбәрак биліктен кетірілгеннен кейін алғаш рет өткізілгелі отырған парламент сайлауы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG