Accessibility links

Үндістан мен Непалда зілзаладан 11 адам қаза болған


Үндістан тұрғыны жер сілкінісінен жарылып кеткен үйдің қабырғасын көрсетіп тұр. 19 қыркүйек 2011 ж.
Үндістан тұрғыны жер сілкінісінен жарылып кеткен үйдің қабырғасын көрсетіп тұр. 19 қыркүйек 2011 ж.
Жексенбі күні Непал мен Үндістан солтүстік-батысында магнитудасы 6,9 балдық зілзала салдарынан 11 адам өліп, көптеген кісі жараланған.

Непалда бес адам зілзала құрбаны болған, олардың арасында ел астанасы Катмандудағы британ елшілігінде қабырға құлап басып қалғандар да бар. Үндістанның Сикким және Бихар штаттарында кемінде алты адам қаза болған.

Табиғи апат болған аймақта үйлер қирап, жолдар бүлінген, электр және байланыс желілері үзілген. Жер асты дүмпулері Бангладеш пен Бутанда да сезілген.
XS
SM
MD
LG