Accessibility links

Түркия Египетпен одаққа біріккісі келеді


Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Дәуітоглу. Анкара, 2 қыркүйек 2011 жыл.
Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Дәуітоглу. Анкара, 2 қыркүйек 2011 жыл.
Түркия Египетпен одақ құруды қалайды. Бұл туралы түрік сыртқы істер министрі Ахмет Дәуітоглу АҚШ-тың "Нью Йорк таймс" басылымына берген сұқбатында мәлімдеген.

Ол "демократия белдігі" деп сипаттаған жаңа одақтың Таяу Шығыс аймағының дамуына тұтас әсер етерін, сонымен бірге бұл одақтың Израильге де, Иранға да, өзге елдерге де қарсы бағытталмайтындығын айтқан.

Түркия сыртқы істер министрі енді екі жылдың ішінде Египетке түрік инвестициясының көлемі 5 миллиард долларға артатынын, ал 2012 жылдың соңына дейін екі ел арасындағы жалпы сауда айналымы 5 миллиард долларға дейін көбейетіндігін айтады.

Соңғы айларда Түркия сыртқы саясатта белсенділік танытып отыр. "Араб көктемі" деген атауға ие болған, бірнеше мемлекетте ұзақ жылдар бойы жалғасып келген автократиялық режимдерді биліктен тайдырған халықтың жаппай бас көтеруіне ресми Анкара қолдау танытты.

Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған өткен аптада осы елдерде - Египет, Ливия және Тунисте сапармен болып қайтты. Сонымен бірге қазір Түркия мен Израиль арасындағы қарым-қатынас нашарлап тұр.
XS
SM
MD
LG