БҰҰ әлем қауымдастығын биыл Пәкістанда болған су тасқыны зардаптарын жою үшін көмек ретінде 357 миллион доллар жинап беруге шақырды.
БҰҰ өкілі Гумайра Мехбубтің айтуынша, жиналған қаржыдан су тасқынынан қатты зардап шеккен Синдх және Белуджистан провинцияларындағы бес жарым миллионға жуық адамға жәрдем көрсетуге жұмсалады.
Пәкістан осымен екінші жыл қатарынан тасқын су зардабын тартып отыр. Былтыр табиғи апаттан 20 миллионнан аса тұрғын зардап шекті. БҰҰ-ның деректері бойынша, биылғы су тасқынынан Синдх провинциясында 1,8 миллионнан аса тұрғын баспанасыз қалған.
Биылғы тасқын су 340 адамның өмірін қиып, 600-ден аса адам жарақат алған.