Accessibility links

Пәкістанда жарылыстан сегіз адам мерт болды


Полиция қызметкері жарылыс болған жерді зерттеп жүр. Карачи, Пәкістан, 30 тамыз 2011 ж. (Көрнекі сурет)
Полиция қызметкері жарылыс болған жерді зерттеп жүр. Карачи, Пәкістан, 30 тамыз 2011 ж. (Көрнекі сурет)
Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласында полицияның жоғары лауазымды қызметкерінің үйі маңында автокөлікте жасалған жарылыс салдарынан кемінде сегіз адам көз жұмған.

Алдын ала деректер бойынша, жарылысты жанкешті жасаған. Алайда ол нысанаға алған полиция офицерінің өзі аман қалған, құрбан болғандардың арасында оның күзетшілері бар.

Діни экстремистерге қарсы күрес бөлімі жетекшілерінің бірі болып қызмет істейтін әлгі офицер өзіне қарсы қастандықты тәліптер ұйымдастырды деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG