Нью-Йорк қаласында өткен кездесуде Израиль-Палестина бейбіт келіссөздерін қайта бастау туралы айтылды. Онда БҰҰ-ның Палестинаны мемлекет ретінде мойындауын көздеген палестиналықтардың әрекеті жаңа дағдарысқа түрткі болу мүмкіндігі де сөз болды.
Бұл талқылау БҰҰ бас ассамблеясының осы аптада болатын жиыны қарсаңында болып отыр. Оған Таяу Шығыс келіссөздері бойынша арағайын елдер – Еуропа одағы, Ресей, БҰҰ мен АҚШ қатысады.
АҚШ пен оның одақтасы Израиль Палестина мемлекетінің мәртебесі туралы БҰҰ-дағы дауыс берулер бейбіт келіссөздерге кері салдарын тигізуі мүмкін деп, оған қарсы екендіктерін білдіріп отыр. АҚШ Палестинаның мемлекеттігін қолдайтынын, бірақ ол Израильмен бейбіт келіссөздер арқылы болуы тиіс деп санайтындығын алға тартты.