Accessibility links

Қазақстанда “Еуразия” кинофестивалі басталып жатыр


Қазақстанның Еуразия халықаралық кино ефстивалінің ашылу салтанаты. 2009 жыл
Қазақстанның Еуразия халықаралық кино ефстивалінің ашылу салтанаты. 2009 жыл
Бүгін Алматыда халықаралық "Еуразия" фестивалі жергілікі және халықаралық кино жұлдыздардың қызыл кілеммен жүріп өту дәстүрімен ашылады.

Фестиваль Қазақстанда тұңғыш рет 3D форматында түсірілген ресейлік режиссер Егор Кончаловскийдің "Возвращение в А" деген фильмімен ашылады. Фестивальді ұйымдастырушылар осы жылғы кино байқауға Орталық Азия кинолары ғана емес, бүкіл ТМД, Еуропа және Азия елдерінің фильмдері қатыса алатынын айтты.

Бұл шараға голливуд жұлдыздары Джон Кьюсак, Настасья Кински, Сигурни Уивер, Нед Беллами, белгілі режиссер Чак Рассел қатысады. Фестиваль шеңберіндегі шаралар қыркүйектің 24-не дейін жалғасады.
XS
SM
MD
LG