Accessibility links

Йеменде өткен екі тәулікте 50 кісі қаза болған


Үкіметке қарсы шеруге шыққандар мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыста жараланған адамға дәрігерлер жәрдем көрсетіп жатыр. Сана, Йемен, 19 қыркүйек 2011 ж.
Үкіметке қарсы шеруге шыққандар мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыста жараланған адамға дәрігерлер жәрдем көрсетіп жатыр. Сана, Йемен, 19 қыркүйек 2011 ж.
Йеменде өткен екі тәулікте президент Әли Абдолла Салехқа қарсы шеруге шыққандар мен қауіпсіздік күштері арасындағы қақтығыстарда 50 кісі қаза болғаны туралы хабарланып отыр.

Ел астанасы Сана қаласында мемлекетті отыз жылдан аса үздіксіз басқарып отырған президент Салехтің отставкаға кетуін талап еткен жаппай наразылық қайтадан күшейіп кетті. Оппозиция бұндай талапты жыл басынан бері қойып келеді. Билік оппозицияны "елде азамат соғысын тұтатқалы жүр" деп айыптады.

Кейбір жерлерде наразылық шарасына шыққандарған қарсы оқ атылып, адамдар өлген. Сонымен бірге, президентке берілген республикалық гвардия сарбаздары мен шерушілер жағына шыққан әскерилер арасында қақтығыс болғаны туралы ақпарат бар.

Маусым айында жараланған президент Салех қазір Сауд Арабиясында емделіп жатыр.
XS
SM
MD
LG