Accessibility links

«Каспионет» телеарнасы Солтүстік Америкаға хабар тарата бастады


Cпутниктік телеарна хабарларын қабылдағыштар. (Көрнекі сурет)
Cпутниктік телеарна хабарларын қабылдағыштар. (Көрнекі сурет)
Қыркүйектің 19-ынан бастап Қазақстанның «Каспионет» спутниктік телеарнасы Солтүстік Америка елдері аймағында ашық хабар тарата бастады. Бұл туралы Қазақстан байланыс және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағаттар комитеті хабарлап отыр.

Комитет хабарламасына сүйенсек, енді «Каспионет» спутниктік телеарна хабарларын АҚШ, Канада, Мексика, Куба, Доминикан Республикасы, Антигуа және Барбуда, Багамдар, Барбадос, Белиз, Гаити, Гватемала, Гондурас, Доминика, Коста-Рика, Никарагуа, Сальвадор, Сент-Люсия, Сент-Винсент және Гренадиндер, Сент-Ките және Невис, сондай-ақ Ямайкада көруге мүмкіндік туып отыр.

Сонымен бірге «Каспионет» спутниктік телеарна хабарларын қазіргі уақытта Еуропа, Орталық Азия, Кавказ елдері, Таяу шығыс пен Африканың шығыс жағындағы елдер де көре алады.

Қазақстанның мемлекеттік «Хабар» агенттігінің құрамына кіретін «Каспионет» спутниктік телеарнасы өз хабарларын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таратады.
XS
SM
MD
LG