Accessibility links

Парижде Қазақстан мен Франция президенттері кездесті


Франция президенті Николя Саркози (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Париж, 19 қыркүйек 2011 ж.
Франция президенті Николя Саркози (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Париж, 19 қыркүйек 2011 ж.
Дүйсенбіде Парижде Франция президенті Николя Саркози мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев кездесті.

Бір сағатқа жалғасқан кездесуден соң жарияланған бірлескен мәлімдемеде екі мемлекет басшылары бұл жүздесу енді қысқа мерзім ішінде Қазақстан мен Еуропа одағы арасындағы байланысты бұрынғыдан да нығайтуға септігін тигізеді деген үміт білдірген.

Былтыр Қазақстанда өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитіне Франция президенті келмей қалған соң ресми Астана мен Париж арасындағы қатынастарда салқын қабақ орнаған еді.
XS
SM
MD
LG