Accessibility links

АҚШ президенті бюджет тапшылығын қысқарту жоспарын ұсынды


АҚШ президенті Барак Обама бюджет тапшылығына қатысты жоспарын жариялап тұр. Ақ үй, Вашингтон, 19 қыркүйек 2011 ж.
АҚШ президенті Барак Обама бюджет тапшылығына қатысты жоспарын жариялап тұр. Ақ үй, Вашингтон, 19 қыркүйек 2011 ж.
АҚШ президенті Барак Обама алдағы 10 жылда бюджет тапшылығын қысқартуды көздейтін шаралар жоспарын дүйсенбі күні жария етті.

Бұл жоспарда дәулетті адамдар мен ірі компаниялардан салықты көбірек алу көзделген. Алайда салық реформасы туралы Обаманың бұл ұсынысқа қарсы қатты сын айтылып жатыр.

Ақ үй әкімшілігі салық заңнамасына әлгіндей түзету енгізілген жағдайда 1,5 триллион доллар ақша тартуға болатынын алға тартады. Бірақ президентке оппозициядағы республикалық партия өкілдері салықты көбейтуге қарсы екендерін мәлімдеп отыр.
XS
SM
MD
LG