Accessibility links

Анкарада жарылыс болды


Түркия астанасынан келіп түскен хабарларға қарағанда, бүгін Анкара орталығында жарылыс болып, кемінде екі адам қаза тапқан. Бірнеше адам жараланды деп хабарланып отыр.

Жарылысқа не себеп болғандығы әзірше белгісіз. Бастапқы хабарларға қарағанда, көлік жарылған болуы мүмкін.

Жарылыс болған жерге өрт сөндірушілер жетіп барған. Бұл оқиға туралы басқа егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді.
XS
SM
MD
LG