БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңсесін басқаратын Нэви Пиллай Беларусь билігін барлық саяси тұтқындарды тезарада босатуға шақырды.
БҰҰ-ның адам құқықтары кеңесінде сөйлеген сөзінде Пиллай «былтыр желтоқсан айындағы президент сайлауынан кейін Беларусьте адам құқықтары жағдайы өте нашарлап кетті» деп атап көрсетті. Ол ресми Минскті БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша миссиясының Беларуське баруына мүмкіндік беруге шақырды.
Маусым айында БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесі Беларусь үкіметін оппозицияны қудалағаны үшін айыптаған болатын.