Accessibility links

Назарбаев БҰҰ сессиясында ғаламдық бастамаларды көтерді


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ мінберінде. Нью-Йорк, 25 қыркүйек 2007 ж.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ мінберінде. Нью-Йорк, 25 қыркүйек 2007 ж.
БҰҰ Бас ассамблеясының 66 сессиясында сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар ғаламдық проблемаларды сынап, оларды шешу жолындағы өз бастамаларын көтерді деп хабарлайды Нью-Йорктен "Азат Еуропа / Азаттық" радиосы.

Назарбаевтың айтуынша, тіпті дамыған елдерде кедейшілік мәселесі бар, сонымен қатар төзімділік дәстүріне ие мемлекеттерде де этникааралық және дінаралық қақтығыстар болып тұрады. Президент сондай-ақ ғаламдық қаржы дағдарысының себептері әлі жойылмаған деп атап көрсетті. Оның пікірінше, бұл мәселені шешу үшін қатаң ғаламдық бақылау механизмін орнату қажет.

Сонымен қатар Назарбаев "Ядролық қарусыз әлем декларациясын" мақұлдауға шақырып, қатаң ғаламдық ядролық бақылау орнату қажеттігін атап көрсетті.

Бұған қоса, президент ақпараттық кеңістікке ғаламдық бақылау орнатуға шақырды. Назарбаев сондай-ақ ұлттық егемендік пен территориялық біртұтастық принциптері құрметтелуі тиіс деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG