Accessibility links

Дағыстандағы жарылыстардан жараланғандар саны 61-ге жетті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Дағыстан астанасы Махачқалада өткен түнде болған жарылыстардан бір полиция қызметкері қаза тауып, 61 адам жараланған. Зардап шеккендердің 44-і полиция қызметкерлері, қалғандары қарапайым азаматтар екені айтылып отыр.

Жергілікті полицияның ақпараты бойынша, бірінші жарылыс түн жарымын өте бергенде Махачкаланың орталық алаңынан бірнеше жүз метр жерде болған. Қуаты үш кило тротилл шамасындағы бұл жарылыстан ешкім зардап шекпеген деп хабарлайды ресейлік "Новости" агенттігі.

Арада бірнеше минут өткенде, жарылыс болған ауданға полиция күші келіп жеткен соң, сол маңда тұрған автокөлікке орнатылған жарылғыш зат іске қосылған. Бұл жолы жарылыс қуаты 40 келі тротилл шамасында болған. Салдарынан бір полиция қызметкері мерт болып, 61 адам жараланған.

Сонымен бірге, бүгін Дағыстандағы Буйнак ауданы ішкі істер бөлімшесі бастығының көлігіне белгісіз бірлеулер авомат пен пулеметтен оқ жаудырған. Офицердің өзі тірі қалып, жанындағы екі адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG